Жат діни ағымдарды ақыл-санадан қуып шығуға міндеттіміз – Ермұрат Бапи

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жат ағымдармен күрес мәселесін көтерді. Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.

Ермұрат Бапидің айтуынша, елдегі исламдық салафиттік ағым ұлттық және мемлекеттік мүддемізге қатер төндіріп жатыр. 

«Қазақстан қоғамын, рухани ортасын барған сайын меңдеп бара жатқан салафизм, арабизм дертінің алдын алу үшін туған, жандәрмен азаматтық алаңдаушылықтың мүддесі еді. Біз мемлекетіміздің ұлттық тұтастығы мен халқымыздың дәстүрлі дінін, ұрпақ болашағын қатерге байлап бере алмаймыз. Жат діни ағымдарды ақыл-санадан да, ауыл-қаладан да қуып шығуға міндеттіміз. Біз салафизм, вахабизм идеясына қарсымыз. Тамара Қасымқызы, «Қазақ халқының ежелден өмір сүру және жат идеологиялық ағымға қарсы үкімет тарапынан бағдарлама бар ма?» – деп сұрады Ермұрат Бапи. 

Депутат сұрағына жауап берген Тамара Дүйсенова концептуалдық құжаттар жайлы айта келе, 2011 жылы діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң қабылданғанын айтты. 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен радикализмге қарсы шара болған. Тамара Дүйсенованың айтуынша, барлық мәселені заң шеңберінде реттеуіміз керек.