"Адамның дене мүшелері табылды": «Титан» батискафына қатысты жаңа деректер жарияланды

Титан сүңгуірінің қалдықтары су бетінен табылды.

АҚШ жағалау күзетінің мәліметінше, қираған жерден адам денесінің бөлшектері қиынды түрінде табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Sky News хабарлауынша, теңіздегі қауіпсіздік инженерлері апаттан 4 айдан кейін Солтүстік Атлант мұхитының түбінен жаңа дәйектерді жинаған. Оларды америкалық дәрігерлер мен мамандар сараптап жатыр. Яғни, қайғылы оқиғаны тергеу жалғасып жатыр.

Мамандар апат себебін анықтағаннан кейін қоғамдық тыңдау өтеді.

Еске салайық, 2023 жылдың 18 маусымында Oceangate компаниясының сүңгуір қайығы «Титан» Канаданың Ньюфаундленд жағалауында, Солтүстік Атлант мұхитында жоғалып кетті. Атлант мұхитынның түбіндегі төрт шақырым тереңдікте жатқан Титаникті көруге түскен туристерді АҚШ, Канада, Франция құтқарушылары төрт күн іздеді. Сүңгуір аппаратының ішіндегі апатты жағдайда жеткілікті болады-ау деген оттегі таусылмайынша адамдарды тауып алуға жанталасты.

Жалпы алғанда, 30 мың шаршы шақырымдай аумақты құтқарушылар сүзіп шықты. Өкінішке қарай, бортта болған бес адамды құтқару мүмкін болмады.

АҚШ-тың Жағалау күзетінің хабарлауынша, канадалық «Horizon Arctic» кемесінен мұхитқа түсірілген Odysseus суасты аппараты батискафтың артқы бөлігін, сонымен қатар 3 800 метр тереңдікте жатқан «Титаник» кемесінің алдыңғы жағынан шамамен 500 метр жерден басқа да бөліктерін тапқан.

Қирандылар апатты жағдай болғанын көрсетеді. Бірақ, оған не себеп болғаны белгісіз. Сарапшылар сүңгуір аппараты қаншама тонна қысымға шыдамай жарылып кетуі мүмкін деп болжайды.

Пәкістанның ең бай отбасыларының бірінен шыққан 48 жастағы британдық-пәкістандық кәсіпкер, Enron корпорациясының вице-басшысы Шахзада Давуд, оның ұлы, Стратклайд университетінің 19 жастағы студенті Сүлейман Давуд, 77 жастағы француз ғалымы және Британдық авиакомпанияның 58 жастағы басшысы Гамиш Гардинг, 61 жастағы Oceangate негізін қалаушы және атқарушы директоры Стоктон Раш бұл апатта опат болды.