Қазақстан құрамасы сырт алаңда Данияға есе жіберді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Копенгагенде өткен Еуро-2024 іріктеу матчында Даниядан жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан құрамасы екінші таймда бір гол соқты, бірақ іріктеу кезеңіндегі төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Голдар: 36 мин – Йонас Винд (1:0); 45+2 мин – Роберт Сков (2:0); 48 мин – Роберт Сков (3:0); 58 мин – Ян Вороговский (3:1).

Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен H тобында төртінші орында тұр, көшбасшы Дания мен Словениядан үш және төрт ұпайға қалып келеміз.

Келесі ойынды Магомед Адиев шәкірттері 17 қазан күні Хельсинки қаласында Финляндияға қарсы өткізеді.

Фото: championat.com