Кеншілердің қазасы тұтас халқымыздың қабырғасын қайыстырып кетті – Мәулен Әшімбаев

Қазір жағдай толық бақылауда.

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін  елімізде жалпыұлттық аза тұту күні екенін еске алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол кеншілердің қазасы тұтас халқымыздың қабырғасын қайыстырып кеткенін де атап өтті.

Апат салдарынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамыз және сабыр тілейміз. Зардап шеккен кеншілердің сауығып, тез арада қатарға қосылуына тілекшіміз.

Қазір  жағдай толық бақылауда. Кеше Президентіміз Қасым-Жомарт  Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысына арнайы барды. Зардап шеккен отбасыларға барлық деңгейде қолдау көрсетіледі",  деді сенатор.

Мәулен Сағатханұлы тиісті тергеу жұмыстары да жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жақын арада мемлекет меншігіне өтеді. Бұл – еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі екенін, сондай-ақ аталған қағида барлық мүдделерден әрдайым жоғары тұратынын көрсететін маңызды қадам.

Елімізге және әр шаңыраққа амандық тілейміз. Енді мұндай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбасын",  – деді Сенат Төрағасы.