Kaspi жұмада не сатып алуға болады?

Қазақстандықтар соңғы күндері белсенді сауда жасауға көшкен, сауда орындары сатып алушылардың қалың нөпіріне толды.

Бұған себеп – 3 қарашадан бері Kaspi жұма өтуде, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Қыс маусымы мен мерекелерге дайындық кезінде қалаған затын бөліп төлеу арқылы, онлайн немесе дәстүрлі түрде офлайн сатып алған адамдарға қолайлы. Ал бизнес үшін сауда көлемін арттыруға мүмкіндік. Сондықтан халық та, кәсіпкерлер де Kaspi жұма күндері белсенді. 

 

Елордалық косметика дүкендері желісінің иесі, кәсіпкер Әйгерім Жақсыбек Kaspi жұмаға осымен екінші жыл қатарынан қатысуда.

«Бұл жолы жақсылап дайындалдық, әлеуметтік желілер арқылы жарнама бердік. Дүкендерімізге келушілердің сұрағына жауап беріп, ақыл-кеңесін айтатын консультанттардың қосымша тобын жалдадық. Әйтпесе, Kaspi жұма кезінде интернеттен және оффлайн дүкендерден түсетін тапсырыстар көлемі әдеттегіден 10 еселей артады. Шілдеде өткен Kaspi жұмада сауда көлемін еңсере алмай, әбігерге түскеніміз бар. Биыл тауарлардың санын да жеткілікті етуге тырыстық. Тауарлар күніне бірнеше рет жеткізілуде. Биылғы сауда көрігі қызып тұр, рекорд жасаймыз деген ойдамыз. Kaspi Жұма отандық бизнестің өркендеуіне ықпал етеді», – деді кәсіпкер Әйгерім Жақсыбек.  

 

Ал ақмолалық Татьяна Астанаға арнайы келіпті. Ол еурожөндеу жүргізілген пәтерінің жиһаздарын жаңартып жатыр екен.

 

«Kaspi жұма қарсаңында Көкшетаудағы, елордадағы сауда орындарын аралап, көңілімізге ұнаған жиһаздарды белгілеп қойдық. Бүгін «Артем» сауда орталығына келіп, сатып алып жатырмыз. Жиһаздардың құнын екі жыл бойы асықпай, бөліп төлеймін», – дейді. 

Елорда тұрғыны Ақтоты таныс-туыстары да белсенді түрде зат сатып алып жатқанын айтады. 

«Мысалы, осы арқылы менің таныстарым Жаңа жылға сыйлықтарын алдын ала алып жатыр. Таңдау көп. Өзім қомақты сомаға косметика сатып алдым. Күзде кез келген қыз, бикеш терісіне күтім жасап, сұлулығын қорғауы керек деп есептеймін. Мұны түсінсек те, кейде соған ақша шығару қиын болып тұрады. Бөліп төлеуге ыңғайлы», – деді Ақтоты.

Ол жұбайымен ақылдасып, туристік жолдама рәсімдегісі келетінін жеткізді. 

Айта кетейік, Kaspi жұма бүгін түн ортасы ауғанға дейін жалғасады. Оған дейін қажетті тауарды онлайн немесе қазақстандағы ірі дүкендер мен сауда орталықтарынан 24 айға бөліп төлеу арқылы тиімді сатып алуға мүмкіндік бар. 

Азамат ПІШЕНБАЙҰЛЫ