Жас жұбайлар той өткен соң лотереядан 693 мың доллар ұтып алды

Мичиган штатының Ливингстон округінде тұратын 57 жастағы ер адам жақында жергілікті дүкеннен Diamond&Pearls лотереясының билетін сатып алған. Сол билет ұтыс алып келді.

АҚШ-тағы Мичиганда жас жұбайлар тойынан бір күн өткеннен кейін лотереядан джекпот ұтты.  Kazinform бұл туралы шетелдік басылымға сілтеме жасап жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz..

– Мен үйленген күннің ертесіне билет сатып алып, қорғаныш қабатын сүрту үшін әйеліме бердім, – деді ұтыс иесі лотерея өкілдеріне.

Ол әйелі екеуі ұтыс көлемі миллион АҚШ доллары екенін түсінгенде өз-өзіне сенбегенін айтты.

– Біз шынында ұтыс иесі атанғанымызға сене алмай нұсқаулықты қайталап оқи бердік, – деп жалғастырды ол.

Лотерея өкілдерінің сөзінше, жеңімпаз бір реттік төлем арқылы 693 000 АҚШ долларын алады.

Аты аталмаған ұтыс иесі қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр, бірақ әзірге қалай екені белгісіз.