Газа секторындағы қазақстандықтар мен олардың отбасы мүшелері Алматыға ұшып келді

Бүгін арнайы эвакуациялық бортпен 99 жолаушы — Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Алматы қаласына аман-есен ұшып келді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес,  ҚР Сыртқы істер министрлігі Газа секторындағы қазақстандықтарды эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Фото: t.me/pressmfakz

Бүгін арнайы эвакуациялық бортпен 99 жолаушы — Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Алматы қаласына аман-есен ұшып келді.

Фото: t.me/pressmfakz
Фото: t.me/pressmfakz

Әуежайдағы бүкіл міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға уақытша баспана беріліп, оларға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетіліп жатыр. 

Фото: t.me/pressmfakz

Сәтті іске асырылған эвакуация — Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және Мысырдағы Елшіліктерінің осы елдердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесі.

Фото: t.me/pressmfakz

Таяу Шығыс өңірінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылығымен келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР СІМ азаматтарымыздың Газа секторынан қауіпсіз және еш кедергісіз шығуы туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Фото: t.me/pressmfakz

Қазақстандық дипломаттар қақтығыс аймағында қалып қойған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету және эвакуациялық шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Фото: t.me/pressmfakz