Жетісу облысында жеңіл автокөлік жүк пойызына соқтығысты

Оқиғаның салдарынан көлік иесі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жол апаты Панфилов ауданындағы Алтынкөл-Нұркент автожолында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. , деп хабарлайды Kazinform. 

Жолдағы теміржол өткелінен өту кезінде қауіпсіздікті сақтамаған «Мерседес» автокөлігін жүк пойызы қағып кеткен. Көлікті айдап отырған жас жігіт жеңіл жарақат алып, ауруханаға түсті.

«Теміржол өткелінде көлік алға жүріп, жүк пойызының вагонымен соқтығысқан. 32 жастағы жүргізуші оқиғадан зардап шекті, ол бірнеше жарақатпен ауруханаға жатқызылды», – деді Панфилов ауданының полициясы.

Теміржол өткеліндегі апатты жағдайды тексерумен аудандық полиция қызметкерлері айналысып жатыр.