БҚО-да боранды күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Қазіргі таңда мәйіт сараптамаға жіберілген.

Бірнеше күн бұрын Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауылында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақжайық ауылынан 10 шақырым жерде із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды.

Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлімнің себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді.

Полицейлер ер адамның 22 қарашада жоғалып кеткенін және сол күні ауданда қатты боран болғанын атап өтті. Марқұм жұмыстан сағат 10.00-де шыққан, алайда үйіне оралмаған.

Оны іздеуге тікұшақ тартылған болатын. Бірақ  іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.