Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен бала көз жұмды

Оның денесін бірнеше сағаттан соң ТЖД мамандары тапты.

Қызылорда қаласында 8 жасар бала кәріз құдығына құлап кетіп, қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 25 қарашада сағат 18.00-де  құтқарушылардың күшімен 2015 жылы туған баланың мәйіті кәріз құдығынан табылып, сыртқа шығарылды. ​

"Оқиға орнына Қызылорда облысы ТЖД (18 қызметкер, 5 бірлік техника), Апаттар медицинасы орталығының филиалы (3 қызметкер, 1 бірлік техника), Полиция департаменті (8 қызметкер, 3 бірлік техника), жедел жәрдем бригадасы (3 адам, 1 бірлік техника), "Қызылорда су жүйесі" (5 адам, 2 бірлік техника), жергілікті атқарушы орган (10 адам, 2 бірлік техника) жұмылдырылды", – делінген ақпаратта.