Сенімді күшейткен 365 күн

365 күнде не өзгерді?

Бұл сауалға Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Уақыттың  зымырап өтіп жатқанын байқамай да қаламыз. Қазақстан Президентінің сайлауы деп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын зерделеп, сайлау барысын бақылап, телемарафонда жиналып, тікелей эфирде 16 сағат бойы үміт, сенім, ой-пікірлерімізбен жарыса бөліскеніміз күні кеше сияқты еді. 

365 күнде не өзгерді? 

Бір қарағанда қас-қағым сәт те сияқты. Бірақ саяси-экономикалық жасалып жатқан реформалар бір жылда да біраз жұмысты атқаруға болатынын дәлелдеді", – дейді сенатор. 

Оның пайымынша, бастысы Қазақстанның демократиялық даму бағдары айқындалды.  Ол қазақстандық қоғамға биліктің  мұрагерлігін қамтамасыз етті және оған кепілдік берді. 

"Президент сайлауы елдегі саяси өзгерістерге түрткі болды, нәтижесінде Парламенттің қос палатасы да, мәслихаттар да қайта сайланды және жаңартылды, 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалада алғаш рет әкімдер сайлауы өтті.  Әрине, сайлаушылардың өз дауыстарының маңыздылығын толық сезінуі үшін бұл өте аз уақыт. Бірақ сайлау мәдениетінің негізі қаланды. Ауыл әкімі, мәслихат, Парламент депутаттығына сайлауға көзқарас өзгерді. Халық – билік, билік – халық деген формуланы дәл осы сайлаулар айқындай түсті.

Ал ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын еске түсіріп, оның басым бағыттарының орындала бастағаны белгілі. Бағдарламаның түп қазығы – экономикада адал және нақты ереже белгілеу болатын. Жылдар бойы талан-таражға түскен мемлекет байлығы қайтарыла бастады. Шамамен 1 трлн теңге сомасындағы заңсыз сатып алынған активтер мемлекетке қайтарылды. Экономиканы монополиясыздандыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Монополиясыздандыру жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша республикалық меншікке өтті", – дейді Бибігүл Жексенбай.

Ол мемлекеттің салықтық, бюджет, ақша-кредит және тарифтік саясатты теңгерімді және ашық жүргізіп, ішкі өндірісті және шикізаттық емес экспортты ынталандыратынын атап өтті. Қ.Тоқаев Президент болған бірінші жылда сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде іргелі дайындық жұмыстары жүргізілді. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері мемлекеттік органдардың ағымдағы жоспарларымен үйлестірілді, оны іске асыру үшін заңнамалық негіз жасалды.

"Бұл заңнамалық негіздер болашаққа арналып жасалды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында республиканы дамытудың жаңа экономикалық үлгісіне көшуді белгіленген, онда монополистердің жосықсыз іс-қимылы алынып тасталады.

2022-2023 жылдары 41,3 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды.

Өнеркәсіп салаларының орта және жоғары қайта бөлу өнімдерін өндіруге қажетті базалық материалдардың қажеттілігіне талдау жүргізілді.

Отандық өндірушілер мен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері арасында шикізат жеткізу бойынша міндеттемелерді енгізуге бағытталған «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР заңына түзетулер әзірленді. Бұл өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының қолжетімді бағадағы шикізатпен толық қуатында қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деген пайымда Сенат депутаты.

Спикер өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін тауарларды өткізудің ашықтығын қамтамасыз ететін тұтас кешен болатын Ұлттық қадағалау жүйесі енгізілгенін де еске салды. Мұның өзі бірінші жылы оң өзгерістер бойынша жақсы қарқынға қол жеткізілді деп айтуға болады. Мемлекет осы қарқынды сақтап қалуы тиіс, әрине қоғам мемлекетке бұл істе көмектесуі керек.