Ерлердің есін алған: Kizdar.net арқылы 43 қыз құрықталды (видео)

Kizdar.net сайты арқылы интимдік қызмет көрсеткен елордалық 43 қыз анықталды.

Астана қалалық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар беретін азаматтар мен интимдік қызмет көрсететін тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Осылайша, операция барысында “Kizdar.net” сайты арқылы жарияланған сауналар, денеге массаж жасайтын бөлмелер, интимдік қызмет көрсетілетін пәтерлер тексерілді.

"Нәтижесінде 43 қыз полицияға жеткізілді. Жүргізілген іс-шаралардың барысында ӘҚБтК 450-бабы бойынша 33 әкімшілік хаттама толтырылды. Олар (Жезөкшелік немесе сутенерлік үшін көрінеу үй-жайлар беру) – 10, ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша (Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландырмай тұру) – 6, ӘҚБтК 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарға мас күйінде келу) – 6, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда азғындау) – 11. 1 шетелдік Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін қабылдау пунктіне орналастырылды", – деп жазды астаналық полиция департаментінен.

Сондай-ақ, 15 жеңіл жүрісті қыз ақшаға жыныстық қызмет көрсеткені үшін есепке алынған. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.