Ол "Ескірмеген, ескірмеген махаббат..." деген тақырыппен ойын тарқатқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Гүлзира Айдарбекованың пайымынша, адам баласы өмірдің төрт кезеңін басынан өткереді.
"Сәби шақ, жастық шақ, орта буын және қарттық. Төрт кезеңде де өлмейтін, қартаймайтын дүние бар, ол – махаббат. Махаббат – адамның жүрегінде тұтанып, санасына, бойына таралатын ұлы сезім.
Өлмейтін махаббатты жасаушы да өзіміз. Дәл осылай қол ұстасып, бала-шаға, немерелердің ортасында бақытты болып жүрген кезге не жетсін?!
Әдемі қартаю да бір бақыт, сол бақытты баршамызға нәсіп етсін", –деген Қайрат Нұртастың анасы.
"Осы екеуі-ақ əйтеуір өздерін күшті ғып көрсете береді. Кейде ерсі болып кетеді. Əр нəрсенің өз уақыты бар, өз сəні бар. Қанша жерден сыйластық қой дегенмен, өте ерсі ғып жібереді. Бұндайды жастарға-ақ берсейші. Көреалмаушылық емес, өз пікірім", "Клипқа үлкен немерелерін де түсірсе, жақсы болар еді", "Ұлыңыз бен келініңіз осылай бірге жүрсін, бір елі қалмай бір-бірінен" деп жазған көпшілік видео астына.