17 желтоқсанда Атырау облысы аумағында қалың қар жауып, салдарынан тасжолдарда көктайғақ болды.
Атырауда полицейлер жол бойында қалған көлік жүргізушілеріне көмектесті
el.kz
1,404
оқылды

Осыған байланысты Құлсары-Бейнеу, Атырау-Индер бағытындағы тасжолда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Қазір патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәуліктік қызметке шыққан. Олар түнгі мезгілде тайғақ жол бойында көліктердің қалып қоймауы үшін қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізіп отыр. Мәселен, Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілді. Сондай-ақ Индер ауданыны аумағындағы елді мекендерге қызметтік көліктер бастап жүріп 150-ден астам көлік жеткізілді.

"Құрметті көлік жүргізушілері! Ауа райының қолайсыздығына байланысты өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеу үшін алыс сапарлардан уақытша бас тартып, қауіпсіздік сақтауыңызды сұраймыз!" – деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.