Семей мен Көкшетауда 1-ауысымдағы оқушылар бүгін қашықтан оқиды

Бұл туралы аймақтық білім беру басқармалары хабарлады.

Семей қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-ауысымдағы мектеп оқушылары мен студенттердің сабағы онлайн форматқа ауыстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«2023 жылғы 27 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты бірінші ауысымның 0-11-сынып оқушылары мен колледждің 1,2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген аймақтың білім беру басқармасының хабарламасында.

Сонымен қатар, қатты көктайғақ пен желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетуіне байланысты Көкшетауда да бірінші ауысымның 1-11-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды.