Алматыда екі ұлын өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.
БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға бейсенбі күні жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Әжеcінің қарауында болған балаларды әкесі ауруханаға апарамын деп алып кеткен. Балалардың үлкені 5-сыныпта, кішісі 2-сыныпта оқыған.
«Алмалы аудандық Полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Істің ақ-қарасы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.