Батыс Қазақстанда республикалық маңызы бар жол жабылды

Жол көрінбейтіндіктен көліктің жүруіне тыйым салынды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстанда жол жабылды. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды. 

Өңірдегі «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының 145-201 км, Жалпақтал а. - Қазталов а. арасында көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 239 бірлік техника және 360 жұмысшы жұмылдырылды.