Еліміздің төрт облысында жол жабылды

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстанның төрт облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Ақтөбе облысында - 2 учаске:

"Ақтөбе-Атырау-Астрахан"  255-330 шақырым, Қарауылкелді а.-Атырау обл. шек. - 75 шақырым;

"Ақтөбе-Атырау-Астрахан" 185-255 шақырым, Шұбаркұдық а. - Қарауылкелді а. – 70 шақырым. 

Жамбыл облысында - 1 учаске:

"Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 шақырым, Кенен а- Қайнар а. - 79 шақырым.

Жетісу облысында – 1 учаске:

"Үшарал-Достық" 84-184 шақырым,  Көктұма ст. -Достық ст. – 100 шақырым.

Батыс Қазақстан облысында – 6 учаске:

"Орал-Тасқала-РФшек" 4-104 шақырым. Орал қ. -РФ шек. – 100 шақырым; 

"Атырау-Орал" 375-492 шақырым, Чапаево а. - Орал қ. – 117 шақырым; 

"Чапаево-Жалпақтал-Казталовка" 0-213 шақырым,  Чапаево а. -Казталовка а. – 213 шақырым;

"Казталовка-Жәнібек-РФ шек." 0-158 шақырым;

"Подстепное-Федоровка РФ шек." 0-36 км, Подстепное а. - Федоровка а. – 36 км;

"Самара-Шымкент" 195-246 км, РФ шек. - Орал қ. – 51 км. 

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника және 460 жолшы жұмылдырылды.