Алматыда басқарма басшысының орынбасары ұсталды

Шенеунік алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінді.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Шенеунік алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінді. Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп-ұстау, жинау және ҚТҚ шығару қызметтерін көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденген", – деп жазды Антикор.

Күдікті үй қамағына алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.