Алматы облыстық ТЖД ескерту жариялады

Алматы облысында ТЖД таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алматы облысының тауларында 15-18 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады. Осыған байланысты ТЖД азаматтардан, туристер мен демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.