Алматы барахолкасынан шыққан өртті 104 адам сөндіріп жатыр

Жалын сағат 12.28-де өрт оқшауланды.

Кейінгі ақпарат бойынша, өртті сөндіруге 104 адам мен 29 техника жұмылдырылған,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы Көкмайса-27 шағынауданында жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қойманың төбесі жанған.

Сағат 11.31-де жанып жатқан қоймадан 1 газ баллоны шығарылды.

Қоймада өртті сөндіру жұмыстарын жарылыс қаупі бар заттардың (газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдары) болуы қиындатып жатыр.