80 миллион теңге: Мөлдір Әуелбекова 7 жасар баласына үй алып берді

Өнер иесі пәтердің жөндеу жұмыстарына 20 млн теңге жұмсағанын айтады.

Танымал эстрада әншісі Мөлдір Әуелбекова 7 жасар ұлына сатып алған пәтерін көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін Мөлдір Әуелбекова ұлына 60 миллион теңгеге жаңа пәтер сатып алғанын мәлімдеген болатын. Әнші Instagram парақшасында пәтердің жөндеу жұмыстары аяқталғанын, әзірге онда ешкім тұрмайтынын жазды.

"РумТур! Пәтер алып, ремонт жасап, толтырып тастадық. Тіпті ине-жібіне дейін жаңа. Есесіне: 60 млн+20 млн=80 млн. Ешкім тұрмайды, біз жер үйде тұрамыз", – делінген әншінің парақшасында.