Алматылықтарға үйіне оралуға рұқсат берілді

Төтенше жағдайлар комиссиясы жақын күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі күтілмейді деген қорытындыға келді.

Алматы қаласы ТЖД тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайын бағалауға сәйкес, Төтенше жағдайлар комиссиясы жақын күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі күтілмейді деген қорытындыға келді.

"Жоғарыда аталған комиссия шешімі негізінде Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың тұрғылықты жеріне оралуына болады деп санайды", – делінген хабарламада.