Ресейде көз жұмған Қазақстанның екі азаматы террорлық әрекет жасамақ болған

БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматы террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті туралы ақпарат жарияланды.

Қылмыстық оқиға кезінде Ресейдің күштік құрылымдары олардың көзін жойған,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰҚК бұл адамдардың Қазақстан азаматы екенін және Ресейге шыққанын растады.

"Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда", деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.