Олимпиада жолдамасына бір қадам қалды: Айбек Оралбай Италияда тәжірибелі боксшыны жеңді

92 келіде жарыс жолына шыққан отандасымыз эквадорлық Хулио Торреспен кездесті.

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Айбек Оралбай тағы бір жекпе-жегін өткізді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

92 келіде жарыс жолына шыққан отандасымыз эквадорлық Хулио Торреспен кездесіп, оны 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, Айбек Оралбай 1/4 финалға жолдама алды 

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы – Джамал Талли (АҚШ). Екі боксшының кездесуі 11 наурызға жоспарланған.