ТЖМ сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді

Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат жоқ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 15 наурыз күні сағат 07:47-де Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің негізгі ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,7. MPV магнитудасы – 4.7. Жер сілкінісінің координаттары 41,17° с. б. 78,34° ш. б. Тереңдігі – 5 км.

Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.