Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып қалған күйінде табылды. Бұл туралы TobolInfo ақпарат агенттігі хабарлады.
БАҚ-тың хабарлауынша, шенеунік 19 наурызда асылып тұрған жерінен табылған. Әкімдік бұл ақпаратты әзірше ресми растаған жоқ.
Тастемір Тұрсынбаев 1964 жылы Қостанай облысында дүниеге келген, мал дәрігері мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын электромонтер болып бастап, Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің ветеринария бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен. Содан 16 жыл сол ауданның әкімі болды.
2015-2018 жылдар аралығында Тастемір Тұрсынбаев Пресногорковский ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. 2023 жылы біраз уақытқа созылған үзілістен кейін ол бұл қызметке қайта тағайындалды.