Атырауда ірі көлемде насыбай сатқан шетел азаматы қолға түсті

Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Атырауда ірі көлемде насыбай сатқан шетел азаматы қолға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Күдікті 19 наурыз күні сағат 13:40 шамасында ұсталды. №1 Атырау қалалық полиция бөліміне қарасты №26 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері Авангард мөлтек ауданында орналасқан сауда орталығының бірінде 340 дана насыбай өнімін сатқан 29 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Баян Жанұзақова