Қай өңірде тұрғындар қатерлі ісікке көп шалдыққан

Қай өңірде тұрғындар қатерлі ісікке көп шалдыққан

Елімізде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облысы және Алматы қаласында онкологиялық ауруға шалдыққандардың саны өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Бұл жайында Алматыда Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай өткен конференция барысында Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, ҚазОжРҒЗИ басқарма төрайымы Диляра Қайдарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 4 ақпан – Дүниежүзілік обырға қарсы күресі күні. Осыған орай Халықаралық обырға қарсы одақтың бастамасымен Қазақстанда #IamAndIWill ұранымен кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық акция өтіп жатыр. Акцияның мақсаты – халыққа онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы мәліметтерді жеткізу, тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпарат беру. "Қазір Қазақстанда онкоскринингтің 3 түрінен тегін өтуге болады: 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер сүт безі обырына, 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер колоректалды обырға тексеріле алады. Сондай-ақ, 30 жастан 7 0 жасқа деейінгі әйелдерге арналған жатыр мойны обырына скрининг жасалады. Аталған үш скрининг емханаларда тегін жүргізіледі", - деді бас онколог. Қайдарованың айтуынша, Қазақстанда онкологиялық ауруға шалдыққандар саны жыл сайын артып келеді. 2019 жылы елімізде 36 345 адам қатерлі ісікке шалдыққан.