Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды

Ол кіші финалда швейцариялық қарсыласын "иппон" ұпайымен ұтты.

Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржыны төртінші медальмен толықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылайхан Жұбаназар турнирдің қола медалін жеңіп алды. 

Ол кіші финалда швейцариялық қарсыласын "иппон" ұпайымен ұтты. 

Осылайша, Абылайхан әлемдік Grand Slam турниріндегі төртінші медалін алды.

Айта кетелік, өткен аптада Абылайхан Душанбе турнирінің қоласын иеленген.