Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден Қытайдағы турнирдің финалына шықты

«Жылдамдық» бойынша сынға түскен Маймұратов іріктеуден сүрінбей өтті.

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының мүшесі Әмір Маймұратов Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде финалға шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, «Жылдамдық» бойынша сынға түскен Маймұратов іріктеуден сүрінбей өтті. Ол 5,09 секундты тіркеген. Аралық нәтижеде ол жетінші орында тұр. 

Айта кетелік, Шанхайдағы іріктеу турнирі – биыл өтіп жатқан алғашқы сын. Екінші іріктеу жарысы 20-23 маусым күндері Венгрияның Будапешт қаласында өтеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.