Қоғамдық тәртіпті бұзған стендап-комик қамауға алынды

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

Қазақстандық стендап-комик қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың мәліметінше, стендап-комикке ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

Айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.