Бокстан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасы қарсаңында маңызды жаңалық жеткізді

Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі команданың Парижде өтетін Олимпиада ойындары алдындағы жоспарын жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

«Ерлер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Жоспар бойынша команда кеңейтілген құрамда Анталияда🇹🇷 бір апта өткізді. Боксшылар жағажайда жүгіріп, дәл сол жерде бокс жаттығуларын жасады, Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды. Субтропикалық жұмсақ климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты. Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі. Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Бұл – соның алғашқысы», - деп хабарлады федерациядан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.