Жолдың тайғақтығынан автобус аударылып қалды

Жолдың тайғақтығынан автобус аударылып қалды

Ақтөбе облысында жолдың тайғақтығы салдарынан автобус оң жақ бүйіріне аударылды, - деп хабарлайды Polisia.kz. 4 ақпанда сағат 14:00 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолында Хромтау қаласынан 5 шақырым жерде «Неоплан» маркалы автобус жолдың тайғақ учаскесінде оң жақ бүйірімен аударылып қалған. Автобус күзет агенттігінің қызметкерлерін тасымалдаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуға және жылдамдық режимі мен қозғалыс аралығын сақтауды ескертеді.