«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы кезеңде Үкімет жастарға жалға берілетін пәтерлерді сатып алу құқығын беру мәселесі қарастырылмайды», – деді Қанат Бозымбаев.
Жастарға жалдап отырған пәтерлерін сатып алу құқығы беріле ме? – вице-премьер жауап берді
Фото: prodengi.kz
545
оқылды

Жұмыс істейтін жастарға жалға алған пәтерлерін сатып алу құқығы беріле ме? Мәжіліс депутаттары тарапынан жолданған бұл сауалға Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жауап берді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2019 жылдан бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер беру тетігі жұмыс істейді. Механизмнің мақсаты – жастарға тұрғын үй сатып алуға қаражат жинауға мүмкіндік беру және оларды қаражатты ұқыпты жинауға ынталандыру. Сондай-ақ  жалға алушылардың жиі ауысуы және жаңа жалға берілетін пәтерлер салу есебінен бұл тетік тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың барынша көп санын қамтуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн», – деді вице-премьер жауабында.

Оның атап өтуінше, осы тетікті одан әрі іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға аталған қалаларда қосымша 9 мың жалға берілетін пәтер (жыл сайын 3 мың пәтер) сатып алу үшін жергілікті бюджеттерден 96,9 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу жоспарланған.

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы кезеңде Үкімет жастарға жалға берілетін пәтерлерді сатып алу құқығын беру мәселесі  қарастырылмайды», – деді Қанат Бозымбаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.