Елімізде алаяқтарға қарсы WhatsApp бот жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Астана қаласының прокуратурасы алаяқтықпен күрес және алдын алу шеңберінде ықтимал алаяқтарды анықтау мақсатында телефон нөмірлерін тексеру үшін арнайы «Алаяқтыққа қарсы» WhatsApp бот (+7-747-680-02-10) әзірледі,”- деп жазды бақылаушы органның баспасөз қызметі.
Жоба тауарларды сату/алу, сондай-ақ әртүрлі қызметтерді алу кезіндегі алаяқтық әрекеттерден қаржылық шығындар мен басқа да жағымсыз салдарлардың тәуекелдерін барынша азайтуға көмектесуге арналған.