Елімізде грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі отандық жоғары оқу орындары қашаннан бастап құжат қабылдап, грант иегерлерінің тізімі қашан шығатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым – 25 тамыз;
- «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтауға» түсушілер үшін арнайы емтихандар өткізу 20 маусым – 20 тамыз;
- шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер қабылдау 20 маусым – 10 тамыз;
- шығармашылық емтихандардың өткізілуі 7 шілде – 15 тамыз;
- білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау 13 шілде – 20 шілде;
- грант иегерлерінің тізімін жариялау 10 тамызға дейін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.