Өскеменде 40 жастағы ер адам шұңқырға құлап кетті

Ер адамды шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды.

ТЖМ күштерімен гараждың шұңқырына құлаған 40 жастағы ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Өскемен қаласында 1984 жылы туған ер адам гараждың бақылау шұңқырына құлап, оны бетон құрылымымен басып қалды. 

Жедел келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен ауыр жабындыны көтеріп, ер адамды шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.