Өскеменде гараждың шұңқырына құлаған ер адам құтқарылды

Ер адам гараждың бақылау шұңқырына құлап, оны бетон құрылымы басып қалған.

Өскеменде ТЖМ күштерімен гараждың шұңқырына құлаған 40 жастағы ер адам құтқарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Өскемен қаласында 1984 жылы туған ер адам гараждың бақылау шұңқырына құлап, оны бетон құрылымы басып қалды. 

Жедел келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен ауыр жабындыны көтеріп, ер адамды шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды, – делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.