Павлодар облысының Ертіс ауылында 21 жастағы полицей өз-өзін өлтіруге әрекет жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жергілікті БАҚ 2003 жылы туған кіші сержант өлгісі келетінін баяндаған хат қалдырып, «Макаров» қызметтік тапаншасымен өзінің басынан атқанын мәлімдеді.
Облыстық Полиция департаменті оқиғаны растап, полицей жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.
«Осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп түсіндірді Полиция департаменті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.