Қырғызстанда қайтыс болған балалардың мәйіті елге жеткізіледі

Кеше Жамбыл облысы ТЖД бастығы Арман Тоқанов іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Ош облысы Ноокат ауданының ТЖ аймағына жіберілді.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ҚР ҚМ әуе кемесімен Қырғыз Республикасының Ош қаласына азаматтарымызды эвакуациялау және қаза тапқандардың денесін елімізге тасымалдау үшін ұшып келді. Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұшақ бортында ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен психологтары бар. Сонымен қатар бортпен Қырғызстанның сел тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына жалпы салмағы 2,7 тонна азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді. 

Кеше Жамбыл облысы ТЖД бастығы Арман Тоқанов іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Ош облысы Ноокат ауданының ТЖ аймағына жіберілді. 

Бұған дейін ҚР ТЖМ ахуалдық орталығында жедел штаб құрылды, ондағы мамандар Қырғызстан ТЖМ және біздің елшілікпен тұрақты байланыста.

Өскеменде ШҚО ТЖД бастығы Рашид Биляловтың үйлестіруімен екі тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Штаб базасында жергілікті атқарушы органдармен бірге қайтыс болған балалардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.