Бақытжан Тұрлыбеков Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті – атқарушы директоры болып тағайындалды

Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына 10 федерация кіреді: бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, асық ату, тоғызқұмалақ, «Joryq».

«Joryq» ат спорты федерациясының президенті, «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің идея авторы Бақытжан Тұрлыбеков Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті – атқарушы директоры болып тағайындалды. 

Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына 10 федерация кіреді: бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, асық ату, тоғызқұмалақ, «Joryq». Б.Тұрлыбеков аталған федерациялардың жұмысын үйлестірумен айналысатын болады.   

Б.Тұрлыбеков – екі жоғары білімі және журналистикада мол тәжірибесі бар білікті медиаменеджер. Еңбек жолын дарынды балаларға арналған О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика мектебінде бастады. 2009-2013 жылдары Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде қызмет атқарған. 

2013-2023 жылдар аралығында NewTimes.kz ақпараттық агенттігін, «Elorda Aqparat», «Айқын-Литер» ЖШС-ін, «Халық үні» медиа-ресурстарын басқарды.

Мектеп оқушылары арасында 2018-2021 жылдары ұйымдастырылған батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» республикалық ағарту жобасының негізін қалаушы. 

Үйленген, бес баланың әкесі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.