Сән мен жайлылықты қалай үйлестіруге болады?

Сән мен киімнің жайлы болуы әрқашан қатар жүре бермейді.

Ер адамдардың басым бөлігінде сәнді көріну немесе өзін жайлы сезіну деген қиын таңдау болатыны анық. Дегенмен бұл аспектілерді біріктірудің бірнеше жолы бар. Мұндай комбинацияға қалай қол жеткізуге болатыны жайында бөлісеміз.  

Аяқкиімге назар аударыңыз 

Сәнді  ерлер аяқкиімдерінің түрлері әр алуан болғаны соншалық, өзіңіз қалағаныңыздай бірнеше жұп аяқкиімді таңдай аласыз. Бұл – киім таңдау барысындағы ең маңызды сәт. Егер ыңғайсыз пиджакты шешіп, көйлектің алдын ашып, жеңін орап қоюға болатын болса, ыңғайсыз аяқкиімді шешіп тастап немесе өзгерте алмайсыз, үйге дейін шыдауға тура келеді. 

Ыңғайсыздықтан зардап шекпеу үшін сәнді аяқкиімді таңдағанда мынаны ескеріңіз: 

материалдардың жұмсақ болуы;

өлшемнің өзіңізге сәйкес келуі; 

табанының икемді болуы; 

бекіткіштің ыңғайлы болуы (резеңке, жабысқақ бекіткіштер, ілмектер және т. б.);

бояуының сапасы.

Әрине, егер сіз маусымның сәніне сай болғыңыз келсе, модельдің өзектілігі туралы ұмытпаңыз. 

 

Киімге дұрыс матаны таңдау 

Бұл сәт жайлылық үшін маңызды: 

жеңіл және тыныс алатын материал – мақта немесе зығыр – аптап ыстықта киюге ыңғайлы;  

жүн немесе кашемир суық күндері денеңізге жылы болады. 

Теріні тітіркендіретін синтетикалық материалдардан аулақ болыңыз. Айтпақшы, экологиялық таза киімдер – ең өзекті сән трендтерінің бірі. Оны пайдаланғаныңыз жөн.  

Қолайлы пішін

Денеңіздің пішініне сәйкес келетін киімді таңдау маңызды. Киім тым тырысқан немесе тым бос болмауы керек – денеңізге сай киім қозғалыс кезінде жайлылықпен қоса, сәнді үйлесімділік береді. Есіңізде болсын, брендтердің әртүрлі стандарттары болуы мүмкін, сондықтан ең қолайлысын табу үшін модель және өлшеммен тәжірибе жасаңыз.

Функционалды  басымдықта 

Киімді таңдағанда оның функционалдығына назар аударыңыз. Көп қалталары бар күртеше ұсақ-түйектерді сақтауға ыңғайлы, ал заманауи ылғал сіңіретін матадан жасалған футболка ыстық ауа райында таптырмас киім. Сіздің киіміңіз әдемі ғана емес, сонымен қатар  функционалды болуы үшін сән мен ыңғайлылықты біріктіретін заттарды іздеңіз.

Сән – өте ауыспалы, сондықтан негізгі гардеробты құрастыруға назар аударған жөн. Мұндай заттар әрдайым трендте болады, тек ыңғайлылығына көз жеткізу керек.

Ерлер киімінде сән мен жайлылықты үйлестіру қолыңыздан келеді. Ең бастысы, кез келген жағдайда жайлы сезіну үшін өзіңізге сенімді болуыңыз қажет.