Әлемдегі ең жағымсыз иісі бар жеміс

Оның салмағы 3 келіге жетеді, ал сырты өте қатты.

Әлемде ерекше пішінді әрі өзгеше кескінді жеміс-жидектер көптеп кездеседі. Олардың кейбірі тікенекті болса да, іші тәтті болады. Осы ретте бізге таңсық емес пішіні мен дәмі өзгеше, түсі мен исі арқылы дараланып тұратын бірқатар экзотикалық жемістердің тізімін ұсынамыз, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты  Almaty.tv сайтына сілтеме бере отырып.

Рамбутан

Бұл "өзге ғаламшарлық" жеміс әлемдегі барша тропик елдерде кездеседі. Малай тілінде "шашты" деген мағына беретін жеміс қызыл түске енгенде және сыртын түк қаптағанда жеуге жарамды болады. Ортасынан екіге бөлініп, ішіндегі ақ жемісі желінеді.  Дәнегі және қабығы жеуге жарамсыз.

Дуриан

Жемістердің "падишасы" саналатын дуриан әлемдегі ең жағымсыз иісті жеміс. Салмағы 3 келіге жетеді, сырты өте қатты. Иісіне шыдай алсаңыз өте дәмді әрі пайдалы жемістің дәмін көре аласыз.

Тақыр қауын

Қауынды немесе қиярды еске түсіруші бұл жемісті пісіп жетілмеген сәтінде теріп алады. Осы күйінде немесе пісіріп жеуге болады. Майонезбен салаттарға ерекше дәм береді.

Aкеби

Дәмі кермек болғанымен жеміс түріне жатады. Тұздауға да болады.  Дәнін айыру қиындық тудырғандықтан етімен бірге желінеді. Жапонияда ғана өсірілсе де, бұл елдің өзінде қолға түсе бермейді екен.  

Будда қолы

Сары түсті бұл цитрусты жеміс Азияның көптеген елдерінде кездеседі. Иісі өте жағымды.  Қабығын торт дайындауда пайдаланады, негізгі жемісін салаттарға пайдаланады.  

Maнгостин

Теннис добынан сәл ғана кішкене бұл жемістің сыртқы қабығы өте қалың. Ақ түстегі жемісінен тоспа дайындауға болады. Мәліметтер бойынша бұл жеміс ханшайым Викторияның сүйікті жемісі болған екен.  

Салак

Дәмі кермек, Малайзия ормандарын мекен ететін маймылдардың сүйікті жемісі. Жеміс өте қымбат болып, құрамында 13.5% алкоголь сақтайды.

Kaктус жемісі

Нопал кактусы деп аталатын өсімдік жемісінің сырты тікенекпен қапталған. Өте керемет дәмге ие. C дәруменіне болған қажеттіліктің 13%-ын өтейді. Мексика аспаздары жұмыртқа және етке қосып керемет тағамдар дайындайды.

Питая

Дәмі киви және шабдалыға ұқсайтын бұл жеміс айтарлықтай тәтті емес, есесіне антиоксиданттарға өте бай.  Екіге бөліп маңызын дәнімен бірге жеуге болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.