Рыбакина үшінші айналымға өтті

Қазақстандық спортшы қатарынан үш геймді алды.

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен бетпе-бет келді. Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда Елена 3:1 есебімен алға шыққанымен, Зигемунд таразы басын теңестірді. Дегенмен қазақстандық спортшы қатарынан үш геймді алды – 6:3.

Екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Рыбакина есепті теңестірді – 2:2. Алайда сет Зигемундтің еншісінде кетті – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Рыбакина ақыры дегеніне жетті – 6:3 әлем рейтингіде кезінде көш бастаған, қазір 91-орындағы даниялық Каролина Возницкимен жолығады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.