«Тыныш жүріңдерші»: Ақбота Керімбекова әріптестері Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа туралы айтты

Ол әріптестерін тек жақсы қырынан танитынын айтқан.

Әнші Ақбота Керімбекова үстінен әкімшілік іс қозғалып, қамауға алынған өнердегі әріптестері Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Ол әріптестерін тек жақсы қырынан танитынын айтқан. Алайда эстрадада қызуқанды азаматтар бар екенін атап өтті. 

«…Адам танитын жасқа келдік қой, рас, біздің эстрадада қызуқанды жігіттер бар. Ол қасиет қазір оғаш көрінгенімен, бұрынырақ жігітке тән мінез саналатын ғой. Бірақ дәл Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа жанына тимесең көтеріле қоймайтын ең бір елгезек, кісі сыйлайтын інілердің қатарында болатын. Бірінен соң бірін тоғытатындай бұл не жағдай деп ойланып отырмын да… Кімнің қандай пиғылын бүркелемеу үшін 10-15 күн керек болды екен?.. Өмір сүру қиындап барады. Сен тиіспесең де саған тиісіп, сен желікпесең де желіктіріп… Оған және қуанып жатқан жартыбастарды айтсайшы… Ақыры жақсы болсын дейік!.. Жігіттерді жарға жыға беру дұрыс емес! Ерегескенде қоғам назарын басқа жаққа бұрмай, қулықтарға көнбей қойса ғой, шіркін!.. Тыныш жүріңдерші, балдар-әй", – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.