Екі аптада 117 қылмыскер құрықталды

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысы Зеренді кентінің маңындағы орман алқабында
тіркелмеген мылтықпен жергілікті тұрғынды атып өлтірген ер адам ұсталды.

Екі апта ішінде ІІМ жедел бөліністері іздеуде жүрген 117 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 98 адамның орналасқан жерін анықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысы Зеренді кентінің маңындағы орман алқабында тіркелмеген мылтықпен жергілікті тұрғынды атып өлтірген ер адам ұсталды.

Таразда 18 жастағы ауыл тұрғыны құрықталды. Ол топтық төбелес кезінде басқа фигуранттың аяғына атқан.

Қызылордада бөтен үйге кіріп, ондағы екі тұрғынды ұрып-соғып, пышақпен жарақаттап, алтын сырға мен ұялы телефон ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Күдікті бұрын сотты болған.

Жетісу облысында да қылмыскер құрықталды. Ол Алматы облысындағы кәсіпорындардың бірінің аумағына кіріп, күзетшіні ұрып-соғып, оны тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 62 млн теңге көлемінде ақшаны иемденген.