Қызылордада танымал блогер кәсіпкерден ақша бопсалаған

Қазір блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Танымал блогер жергілікті құрылыс компаниясының басшысынан ақша бопсалағаны үшін ұсталғаны жайында ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен тарап шыққан. Тіпті, бұл жағдайды Облыстық полиция департаменті растады. Бұл туралы Аikyn.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер жариялануға жатпайды", — делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында мектеп директорын бопсалаған екі блогер ұсталғаны белгілі болды.