Танымал мобилограф Қыран Талапбек "Құрмет" орденін алды

Жаңалықты кәсіпкер Сырымбек Тау әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.

Танымал мобилограф, блогер Қыран Талапбек “Құрмет” орденімен марапатталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жаңалықты кәсіпкер Сырымбек Тау желідегі парақшасына жүктеді. 

“Сүйінші! Құтты болсын “Құрмет”! Лайықсың!”, – деп жазды кәсіпкер.

Алайда мобилограф Қыран Талапбектің өзі марапатын жеке парақшасына бөліскен жоқ. 

Айта кетейік, мобилограф Астанада өткен ШЫҰ саммитіне келген бірқатар ел басшыларын видеоға түсірді. 

Басқа президенттер мобилографтың бейнежазбасын қабылдамаса да, Моңғолия басшысы аталған коллаборацияны бірге жариялауға келісімін берген.

"Түрік басшысы қабылдамай жатыр. Отбасымызбен күтіп отырмыз”, – деп жазған еді Қыран Талапбек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.