Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы: жауын-шашын жауып, күн ысиды

"Қазгидромет" синоптиктері 15 шілде, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Оңтүстік циклон және онымен бірге келетін атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта күн күркіреп, бұршақ болады. Қатты желмен бірге нөсер жауын жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. 

Күндіз Алматы, Атырау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Атырауда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстауда, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Жамбыл облысының батысында және Ұлытау облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, шығысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram  арнасынан таба аласыз.